Алматыда көпір астында қалған марқұмның отбасына жәрдемақы төленеді.
Ұмытпасаңыздар, 24-ші сәуір күні Сайын мен Рысқұлов қиылысында салынып жатқан көпір морт сынған еді. Салдарынан 21 адам зардап шеккен.
Ал бір тәуліктен кейін үйінді астынан 60 жастағы Тоқтасын Иманқұловтың өлі мүрдесі табылды.
«Біздің компания Тоқтасын Иманқұловты жерлеуге кететін барлық шығынды толық өтейді. Қайтыс болған азаматтың отбасына көмек ретінде 6 млн теңге көмек көрсетіледі. Бұл біздің мекеменің қара жамылған отбасыға көрсететін бір реттік көмегі. Сондай-ақ оқыс оқиғадан зардап шеккендерге еңбек шарты бойынша қаржылай көмек көрсетіледі»,- деді “Базис-А” құрылыс компаниясының баспасөз қызметкері Юлия Тошматова.
Источник материала ; Алматы ТВ